Подписка на рассылку новостей ГУ «Отдел образования Каркаралинского района» Карагандинской области

ГлавнаяОб отделеИстория создания

История создания



Паспорт отдела
История создания
Биография руководителя учреждения
Структура отдела
Регламент работы
График приема граждан
Контактная информация
Вакансии
Форма заявлений на государственные услуги
Приветствие руководителя отдела

Қарқаралы Білім беру бөлімінің құрылу тарихынан
Қарқаралыда оқу-ағарту ісінің алғашқы қадамы ХІХ  ғасырдың екінші жартысынан басталған. Сонау 1865 жылы   қалада екі бастауыш және 1872 жылы  ауыл  шаруашылық мектебі ашылды. Ал, 1879 жылы қазақ қыздарының мектеп-интернаты мен қалалық приход училищесі жұмыс бастады. 1904 жылы қазақ-орыс училищесі ашылып, бірінші оқу жылында 104 оқушы қабылданды. Бұл оқу орынында  Алаштың ардақты азаматтары Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков, Ж.Ақбаев, Н.Нұрмақовтар білім алып, ауданымыздың оқу-ағарту саласында өзіндік  қолтаңбаларын қалдырды.
1922 жылы  аудандық оқу бөлімі құрылған соң халықтың сауатсыздығын жою мақсатында жұмыс  жасай  бастады. Аудандық мұрағатта халыққа білім беру бөлімінде 1926 жылдан осы уақытқа дейін басшылық қызмет атқарған азаматтардың аты-жөндері сақталғандықтан, олардың тізімін келтіре кеткенді жөн көрдік.
Олар: Түсіп Қияқов (1926-27ж.ж), Абдоллаұлы (есімі көрсетілмеген, 1927-28 ж.ж.), Құрманғалиұлы (есімі көрсетілмеген, 1928-30 ж.ж.), Файзолла Бекметов (1930-1931 ж.ж.), Құрманұлы, Солтанбекұлы (есімдері көрсетілмеген, 1931-1932 ж.ж.), Көпбаев (есімі көрсетілмеген, 1933-36 ж.ж.), Қамар Мұқышбаев (1936-38ж.ж.), Ескендіров (есімі көрсетілмеген, 1938-39 ж.ж), Кәкен Арыстанбеков (1939-43 ж.ж.), Бегенов (есімі көрсетілмеген, 1943-48 ж.ж.), Кенжебаев (есімі көрсетілмеген, 1948-49 ж.ж.), Жанпейіс Әбдірахманов (1949-50 ж.ж.), Мұқажан Нұрмағамбетов (1950 жылы), Әділхан Аймақов (1950-54 ж.ж.), Нөгербек Спатаев (1969-78 ж.ж.), Дәуітбай Қоспабаев (1978-95 ж.ж). 1995 жылдағы  өткелі ауыр өтпелі кезеңде аудандық оқу бөлімін  қабылдап алған Садуакасов Тылек Садуакасович 2014 жылға дейін қызмет етті. Ал 2014 жылдан бастап Аудандық білім бөлімінің басшысы болып Жетібаев Жетпісбай Қырғызбайұлы тағайындалып осы күнге дейін қызмет етуде. Ауданның білім беру жүйесінде 47  жалпы білім беретін мектеп, 4 мектепке дейінгі білім беру мекемелері, 30 мектеп жанындағы шағын орталықтар, 3 мектептен тыс мекемелер мен 9 елді мекендерде олардың  бөлімшелері, 2 мектеп жанындағы интернаттар жұмыс жасады. ХХІ ғасыр – бәсекелестер ғасыры. Қазіргі уақыт жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды талап етеді. Ауданның білім беру қызметкерлері «Ұстаздық ету – тек уақыт өткізу емес, ұстаздық ету - өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» деген қағиданы басшылыққа ала отырып  жұмыс жасайды.



Новости района

Новости региона

Ваше мнение о качестве представленных государственных услуг?
Архив голосований
Каркаралинск-16
Караганда-16
Доллар США378.54
 
Евро429.79
 
Российский рубль5.72
 
 
 


Январь, 2019
ПНВТСРЧТПТСБВС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031